0:00 / 0:00
Оралда студенттер спорты жаңа деңгейге көтерілуде. Батыс Қазақстан облысында Студенттер спорт лигасының Батыс аймақтық іріктеу кезеңі салтанатты түрде басталды. Жарысқа өңірдегі жоғары оқу орындарының командалары қатысып, өзара мықтыны анықтамақ. Лиганың басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортты кеңінен насихаттау.










