Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Студенттер офлайн форматта білім алуға көшті

c 18:01, 17/09/2021 c 865

Бір жыл жарым аралас форматта оқыған студенттер жаңа оқу жылынан бастап офлайн білім алуға көшті. Өткен жылы аудандарда орналасқан кәсіптік-техникалық колледждер дәстүрлі форматта жұмыстарын жалғастырды. Биыл студенттер қайтадан партаға отырып, алған білімдерін сараман жұмыстарында тексеріп көруде. Қазіргі таңда облыста кәсіптік-техникалық оқу орындарында 16 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Олар қызмет көрсету және жұмысшы мамандықтары бойынша оқиды.

Бұл- Рамазанова Мадина . Ол шаштараз мамандығында оқиды. Бүгінде кейіпкеріміз үшінші курсқа көшкен. Оқуын әлі аяқтап үлгермесе де сән салондарында жұмыс істейді.

Кейіпкеріміз секілді БҚО-да кәсіптік және техникалық мамандықта 16 мыңнан астам студент білім алуда. Орал технологиялық "Сервис" колледжінде мыңға жуық студент оқып жатыр. Жаңа оқу жылында бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес сабақ процессі дәстүрлі форматта ұйымдастырылды. Колледждің барлық педагогтары коронавирусқа қарсы екпе алған. Қазіргі таңда студенттер оқу орны қабырғасында білім алуда.

Жалпы БҚО-да 33 кәсіптік және техникалық білім беретін орта арнаулы оқу орны бар. Қазіргі таңда өңірдің педагогтары қызмет көрсету саласына қажетті және жұмысшы мамандықтарды даярлайды. Техникалық және кәсіптік оқу орынында диплом алған жастардың 68 пайызға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік колледждердің студенттері жатақханамен қамтылған. 17 жатақханада шалғай ауылдан немесе өзге өңірден келген жастар жатып оқиды. Орта арнаулы оқу орынына түскен 1-курстың барлық студенттеріне бірінші семестр аяқталғанша шәкіртақы төленеді. Кейін оқу үлгерімі жақсы жастар ғана демеу қаржыға ие болады. Биыл шәкіртақы 21 мың теңгені құрап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.