Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру

c 15:32, 22/05/2020 c 1029

0:00 / 0:00

Биыл Орал қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 29 азамат жұмыссыз ретінде арнайы орталыққа тіркеліпті. Олардың жетеуі тұрақты жұмысқа орналасқан. Халықты жұмыспен қамту және пробация қызметінің мамандары сотталғандардың еңбекке араласып, жұмысқа тұруы үшін азаматтармен жұмыстануда. Қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде 826 адам тіркеуде тұр. Олардың 205-сі екі қолға бір күрек таба алмай, жұмыссыз отыр.

Қылмысқа барып, жазасын түрмеден өтеп шыққан немесе жазаның жартысын бостандықта өтейтін сотталғандардың қайтадан қылмысқа бармасы үшін пробация қызметі мен жұмыспен қамту орталығының мамандары қоян-қолтық жұмыстануда. Қазіргі таңда пробация қызметінде 826 адам есепте тұр.

Пробация есебінде тұрған жандарды " Жұмыспен қамту" жол картасының аясында қызметке орналастыру көзделген. Сала мамандары қазіргі таңда 25 мекемеден 611 өтініш келіп түскендігін айтады.

Бос жұмыс орындарын ұсынған компаниялар жұмысшы мамандықтың иелерін жұмысқа қабылдауға дайын. Сала мамандары пробация қызметінің есебінде тұрған жандар жұмысқа тұру бойынша жолдама алады немесе біліктігі жоқ жандар қысқа мерзімді курстардан қайта даярлықтан өтетіндігін айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.