Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Соңғы қоңырау онлайн форматта өтті

c 17:23, 25/05/2020 c 896

0:00 / 0:00

Биыл 2020 жылы қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау онлайн түрде соғылды. Республиканың барлық аймағында министрлік бекіткен нұсқаулыққа сәйкес 1-10 сынып аралығында тәрбие сағаты ғаламтор желісінде өтті.

Биыл әлемдік пандемияға байланысты оқушылар мен студеттер сәуірден бастап қашықтан білім алу форматына көшті. 25-ші мамырда 1-10 сынып оқушылары үшін "Соңғы қоңырау" онлайн форматта өтіп, оқу жылы қорытындыланды. Оралдық Шынар Балешова есімді педагог осы оқу жылында мектеп табылдырығын аттаған 1- сынып оқушылары мен ата-аналарымен бірге оқу жылын қорытындылап, соңғы тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Педагогтар биылғы пандемияға байланысты шәкірттеріне білім беруін жалғастырып, түрлі платформаны меңгеріп, баланы қашықтан отырып, оқытқан еді.

Сондай-ақ,  оралдық педагогтар көпқабатты үйлердің ауларына барып, оқу жылындағы соңғы қоңырауды сыңғырлата соқты.

Жалпы БҚО-да биылғы оқу жылын 108 мың астам оқушы аяқтады. 5142 оқушы мектеп түлегі атанып, түлектердің 362-сі "Алтын белгіге" және 223 оқушы "Үздік аттестатқа" ие болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.