Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шыңғырлауда көп шаруа шешілген

c 17:25, 08/02/2019 c 526

Шыңғырлау ауданы бойынша 185 азамат баспана кезегінде тұр. Ал, аудан тұрғындарының 334-і жер телімдерін алуға ниетті. Бүгінгі таңда өзгенің босағасында, аядай бөлмені жалдап жүрген жандар үшін баспананың ауадай қажет екендігі айтпаса да түсінікті. Осы мәселені шешу үшін өткен жылы аудан көлемінде 39 тұрғын үй азаматтардың игілігіне берілген. Баспананы жетім балалар, әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған жандар мен кезекте тұрған жас мамандар алыпты.

Шыңғырлау ауданында 3 пен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту-100 пайызды құрапты. Бұл туралы аудан әкімі мәлімдеді. Бұқара халық алдында есеп берген Альберт Есалиев жыл он екі ай жасаған жұмыстарын жіпке тізген еді. Аудан әкімнің келтірген дерегіне сүйенсек, аудан көлемінде бүлдіршіндерді балабақшаға кезекке қою мен жолдама беру тәртібі толықтай автоматтындырылыпты. Сондай-ақ, алты мектепте робототехника кабинеті жасақталып, екі айти сынып ашылған. Білім беру процесінде ғаламтордың жұмысын жақсарту үшін 4 білім беру нысанында WI-FI орнатылса, он екі білім беру ошағында атылмыш жұмыстар жалғасуда. Ауданда орналасқан 8 балабақша мен 12 мектепке бейнебақылау құрылғылар орнатылыпты. Биылғы жылы Шыңғырлау жалпы білім беретін мектебі күрделі жөндеуден өткен. Аталмыш нысан өткен ғасырдың 70-шы жылдарынан бастап өз жұмысын бастаған. Күні бүгінге дейін талай шәкіртті тәрбилеген мектеп ұжымы күрделі жөндеуге дән риза.

Өскелең ұрпаққа білім беруден өзге, ауыл тұрғындарының таза ауыз сумен қамтылу да назардан тыс қалмапты. Бүгінгі таңда, аудан халқының 82 пайызы ауыз сумен қамтылған.

2018 жылы аудан көлемінде 1500-нан астам адам жұмысқа орналасқан. Ауданда екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандар үшін 652 жаңа жұмыс орыны ашылыпты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.