Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шолу шеңбері шілдеде іске қосылмақ

c 17:33, 13/06/2022 c 619

0:00 / 0:00

Орал қаласында шолу шеңбері шілденің ортасында іске қосылады деп күтілуде. Бұл туралы шеңберді орнатып жатқан компания өкілі хабарлады. Қазіргі таңда шолу шеңбері орнатылып, кабиналар ілінген. Енді шеңберді сараптамадан өткізбек. Шолу шеңберінің салмағы 70 тоннадан асады. Биіктігі-42 метрді құрайды. Сала мамандарының айтуынша, шеңберде 18 кабина болмақ.

Антон Ротштайн, Шолу шеңберінің иесі:

-Шолу шеңберінің құрылысы қаңтар айында басталды. Қазіргі таңда шеңбердің кабиналарын іліп қойдық. Қазір сырлаймыз. Кейін конструкцияны сараптамадан өткіземіз. Одан соң оң қорытындысын алып, жұмысқа кірісеміз. Жалпы шолу шеңбері -10 градусқа дейін және желдің жылдамдығы секундына 15 метр болғанға дейін жұмыс жасайды. Кабиналар толықтай әйнектен жасалған. Оған төрт адам сияды. Осындай шолу шеңберлері Бурабай мен Ақтөбеде орнатылды. Шолу шеңбері Қытайда жасақталған,- дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.