Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шатыр қашан жөнделеді?

c 14:31, 29/01/2020 c 438

0:00 / 0:00

Орал қаласында көп қабатты тұрғын үйдің тұрғындары төбеден аққан судан шаршағандарын айтып арнамызға хабарласты. Бұл Сағынғали Сейітов көшесі 1/3 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарының базынасы. Бесінші қабаттың тұрғындары үйлерін жөндеуден жалыққан. Тұрғындар баспаналарының шатырын модернизация бойынша жөндетпек болып құжат жинайды. Құзырлы орган құжатты қабылдаса да қаржының болмауына байланысты жөндеу жұмыстары басталмай отыр.

Бұл- бірнеше жылдан бері шатырынан су кетіп, тұрғындарды мазалаған Сағынғали Сейітов 1/3 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй. Аталмыш баспана өткен ғасырдың 91-шы салынып, қолдануға берілген. Содан бері оның шатыры күрделі жөндеу көрмеген. Бірнеше жылдан бері жұқа шатырдан су кетіп, тұрғындардың мазасын алып, денсаулығына зақым келтіріп келеді. Төбесі су болған пәтердің иелері көктем мен күзде жарықсыз отыруға әбден үйреніп қалдық,- дейді.

Жыл сайын пәтерінің төбесін жөндеп отырған жандар өткен жылы тұрғын үй модернизация бойынша баспаналарының шатырын алмастыруға бел буып, құжат жинаған. Пик өкілдері құжатты жинаудың қиынға соққандығын айтады.

Жасақталған жоспар бойынша көпқабатты тұрғын үй былтыр жөнделуі керек еді. Алайда, бұған қаржы тапшы болыпты. Сала мамандары аталмыш үйдің шатыры мемлекеттік бағдарлама аясында биыл жөнделеді деп отыр.

2011 жылдан бері Орал қаласында тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасының аясында 110 үйге күрделі жөндеу жүргізілген. Өткен жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қазынадан 175 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, 8 баспананың кем-кетігі дұрысталған. Биыл шаһарымызда орналасқан 22 үйді жөндеу жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.