Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Егіс алқабындағы шаруалармен кездесу

c 12:36, 19/10/2018 c 727

0:00 / 0:00

Елбасы ерекше көңіл бөліп отырған ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыс көп. Шаруалар мемлекеттен берілетін субсидияның арқасында қолдау көріп, кәсіптерін әрі қарай дамыту жолында қызмет жасап жатыр. Диқаншылар биылғы жылы 244,4 мың гектар жерге егін салған болатын. Бүгінде олар 168,3 мың тоннадай өнімді жинап, қамбаны толтырып отыр. Сала мамандары облыс көлемінде бидай толыққанды жиналып болды деседі. Қазіргі таңда, егіс алқаптарында тек майлы дәнді-дақылдарды жиыстыру жұмыстары қолға алынған. Жиыстыру жұмыстарының аяқ алысын бақылау үшін облыс әкімі арнайы Зеленов ауданына жұмыс сапарымен барған болатын.

"Ауыл шаруашылығы саласы экономиканың драйверіне айналу керек" деп Елбасы қазақстандықтарға, әсіресе, шаруаларға тапсырма жүктеген болатын. Қазіргі таңда, осы тапсырманы жүзеге асыру барысында қолға алынған шаралар аз емес. Өңірімізде ауыл шаруашылығының сан түрі кең қанат жайған ауданның бірі- ол Зеленов ауданы екені белгілі.

Бұл- Зеленов ауданына қарасты Погодаева ауылында орналасқан егіс алқабы. Қазіргі таңда, шаруалар майлы дәнді-дақылдарды жинастырып жатыр. Екі-үш күннің ішінде жиыстыру жұмыстары аяқталмақ. Облыс әкімі егіс алқабына барып, шаруалармен тілдескен еді.

Егіс алқабында бас қосқан диқаншылар биылғы жылы атқарылған жұмыстарды жіпке тізіп, бидайдың шығымы аз болғандығын жайлы да пікір алмасты. Облыс халқын астықпен қамтамасыз етіп отырған жандар отын мәселесінің тапшылығын айтқан еді.

Зеленов ауданында 25 жылдан бері қызмет жасап жатқан келе жатқан Бейбіт Асанов мемлекеттің қолдауын ие болып отырғандығын айтып, өнімдерін қамбаға жинағандықтарын тілге тиек етті.

2018 жылы ауыл шаруашылығын дамыту үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 12,1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген. Қазіргі таңда, қыруар қаржының 73,2 пайызын игеріліпті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.