Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шақыртулар азайған

c 16:58, 29/07/2020 c 520

0:00 / 0:00

Өңірде эпидахуал бірте-бірте оңалып келеді. Батыс Қазақстан облысында шілденің басында күніне 1200 адам жедел-жәрдемге жүгінсе, қазір шақыртулар 600-ге дейін азайды. Пневмонияға шалдыққандар саны да 45 пайызға төмендеген.Бұл көрсеткіш маусым айының басындағы 1200- ден бүгінгі күнге 600-ге дейін төмендеді. Карантин кезінде қабылданған кешенді шаралар жедел жәрдем станциясына жүктемесін едәуір жеңілдетті. Шілде айының басынан бастап облыс орталығында жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны үш есе азайды. Оның ішінде коронавирус инфекциясы бойынша - тәулігіне шамамен 15 пайыз шақырту түседі. Сонымен қатар дәрігерлер жүктемісін азайтуға жас мамандар тартылған. Бүгінде жедел жәрдем стансасы тағы 40 медицина қызметкерімен толыққан. Қыркүйекке дейін жедел жәрдем сатансасына су жаңа 37 реанимобиль алынатын болады. Бүгін облыста барлығы 80 адам COVID-19  инфекциясын жұқтырса, 72 адам аурудан айығып шықты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.