Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаған өзенінен өлген сиырдың төшкесі табылды

c 20:14, 01/06/2018 c 1052

Зеленов ауданына қарасты Мичурин ауылдық округінің тұрғындарынан осындай хабар келіп түсті. Аталмыш мәселені шешуді қазір ауыл әкімдігі қолға алып отыр. Арнайы бригада құрып, өлексенің көзін жойғалы жатырғандарын мәлімдеді.

Өзен бетінде қалықтаған өлексе тұрғындарды бей-жәй қалдырмады. Жағалауға келгендер сиыр төшкесін көріп, балаларына өзенге жоламауды ескерткен. Бұл жағдайды естіген дәрігерлер дабыл қағуда. Жалпы адамның, балалардың денсаулығы үшін өте қауіпті бұл жағдай түрлі аурудың ошағы болмасына кім кепіл дейді ақ халаттылар.

Өлкен сиырын іздеген қожайын әзірге табылмай отыр. Өзенде өлексенің қалай пайда болғаны да белгісіз. Ауылдық округ әкімі аталмыш мәселені қадағалауға алатынын айтты. Өлексені судан шығарып, залалсыздандыру үшін арнайы бригада жасақтапты. Себебі мұндай қызметпен айналысатын арнайы сала қызметкерлері жоқ.
Дәрігерлердің ескертуін ескеріп, таяу маңдағы кез келген орында суға шомылудан денсаулығыңызға қандай қатер боларын ұмыт қалдырмау қажетін қаперлеріңізге саламыз!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.