Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сеніммен сауықтыру орталығына

c 17:43, 15/09/2020 c 432

0:00 / 0:00

Коронавирус науқастың ағзасына айтарлықтай зиян келтіреді. Пациенттің инфекциялық стационардан емделіп шығуы - денсаулығының толық қалпына келгенін білдірмейді. Дәрігерлердің өзі де COVID-19 дертінен өткен адамға медициналық оңалту қажеттігін айтады. Осыған орай Орал қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдарға арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды. Оңалту орталықтары Оралдағы барлық емханалар жанынан құрылған. №1 емхана 70 мыңнан аса адамға медициналық қызмет көрсететіндіктен, оңалту орны емханадан тыс аумақта орналасқан. Күні бүгінге дейін 70 науқас оңалтудан өткен болса, олардың 30-ы балалар болып отыр.«Реабилитологтар мен емханалардағы мамандар науқастарды бағыттау шкаласын және балдық жүйе бойынша емдеу қарқындылығының қажетті деңгейін анықтайды. Орталық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда кәсіби даярлықтан өткен білікті дәрігерлер жұмыс істеуде. Коронавируспен ауырған көптеген науқастарда әлсіздік, өкпенің зақымдалуына байланысты тыныс алудың қиыңдауы байқалады. Бұл дене тіндерінде оттегі алмасуының бұзылуына әкеледі. Қалпына келтіру әртүрлі жолдармен жүреді. Ең бастысы физикалық жаттығулар.
Орталықта қолданылатын физиотерапиялық емдеудің түрлі әдістерінің көмегімен құрысу жойылып, ісіну азаяды, тіндердегі қабыну және аутоиммунды реакциялар төмендейді, адгезиялардың алдын алады.Кәсіби қалпына келтіру шаралары аурудан және оның зардаптарынан толық айығудың кепілі болып табылады. Бұл оңалту орталығында коронавирустық инфекциядан қалпына келтіру шаралары - емдеу нәтижелерін бекітуге көмектеседі. Мұнда пациенттер тек оңалту ғана емес, сонымен бірге психологиялық көмек алады. Айта кету қажет №1 емхана емделушілерінің арасында 525-і коронавируспен ауырып емделіп шыққан. Ал өзге аудан тұрғындары үшін мұнда ақылы қызмет те көрсетіледі.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.