Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНАНЫҢ» ҚАРЫЗЫ 10 ТРЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ

c 19:22, 15/09/2022 c 1371

0:00 / 0:00

"Самұрық-Қазына" компаниясының қарызы 10 триллион теңгеге жеткен. Бұл жайында компания басшысы Алмасадам Сәтқалиев брифинг барысында айтты. Бүгінде қор құрамына 135 компания кіреді. Оның активтері 69 млрд долларды құрайды. 14 жыл ішінде «Самұрық-Қазына» қоры бірде-бір стратегиялық мақсатқа қол жеткізбеді деп сынаған еді депутаттар. Әу баста қор халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін құрылған болатын.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ "Қазір қордың жалпы қарызы шамамен - 10 триллион теңгені құрайды. Оның ішінде ең көбі - "ҚазМұнайГаз" компаниясының қарызы, ҚТЖ компаниясының қарызы және қор қарызы. "ҚазМұнайГаз" компаниясына келетін болсақ, тиімді жобаларға тартылды, мұнай бағасы айтарлықтай жоғары, қарыздарды қайтару бойынша ешқандай тәуекелдер жоқ, бұл жобалар өзін өзі ақтайды. Қор жобаларына да солай. Қарыз Қашағандағы үлесті сатып алу үшін тартылды, бұл портфелдегі негізгі үлес"

Компания басшысы Сәтқалиев триллиондаған қарыздарды қайтарамыз деп сендірді. Ал қорда қызмет етіп жатқандардың айлығына келсек. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалақысы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысымен салыстыруға келеді дейді ол. Үш еселенген жалақы алып отырған жоқпыз деп ақталды компания басшысы. Оның айтуынша, "Самұрық-Қазына" қорының басшыларының жалақысы 950 мың теңгені, қатардағы қызметкерлердің айлығы 400 мың теңгені құрайды. Жыл басынан бері реформа басталғалы қор қызметкерлерінің санын 248-ден 124-ке дейін қысқарған. Сондай-ақ басшылар саны да екі есеге яғни оннан беске дейін азайған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.