Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Салиқалы ұрпақ" тігін машинасын сыйға тартты

c 17:25, 20/01/2021 c 449

0:00 / 0:00

"Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры көру мүмкіндігі шектеулі жандардың басын қосқан "Жайық" қорына тігін машиналарын сыйға тартты. Тігін машинасы мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңа жұмыс орынын ашуға мұрындық болмақ.

2016 жылы Болат Назарбаев іргесін қалаған "Салиқалы ұрпақ" атты қоғамдық қор облыс аумағында көру мүмкіндігі шектеулі жандардың басын қосатын "Жайық" қоғамдық қорына су жаңа тігін машиналарын сыйға тартты. "Салиқалы ұрпақ" қоры қиын жағдайға тап болған жандарға, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтар мен кәсібін бастауға қиындықтармен бетпе-бет кездескен кембағал жандарға 5 жылға жуық уақыттан бері көмек қолын созып келеді.

Тігін машиналарын сыйға алған "Жайық" қоғамдық қоры 30-ға тарта адамның басын қосқан. Көру мүмкіндігі шектеулі жандар осы құрылғылардың арқасында төсек орын тігумен айналыспақ.

"Жайық" қоры кембағал жандарды жұмыспен қамтып қана қоймай, алдағы уақытта жаңа төсек-орын тігетін кәсіпорны да өз жұмысын бастағалы отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.