Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕСЕЙ ІШІНАРА МОБИЛИЗАЦИЯ ЖАРИЯЛАДЫ

c 17:52, 21/09/2022 c 1501

0:00 / 0:00

Көрші Ресейде ішінара мобилизация жарияланды. Бұл жайында Ресей президенті Владимир Путин халқына арнаған үндеуінде мәлімдеді. Ресей басшысы "елімізді, халқымызды қорғау үшін біз қолымыздағы барлық мүмкіндікті пайдаланамыз", - деді өз үндеуінде. Енді запастағы әскерилер түгел соғысқа қатысатын болады. Украина мен Ресей арасында орын алып отырған қақтығыс салдары шекаралас елдерге қалай әсер етпек? Қазақстандық депутаттар Ресеймен шекараны жаппасақ та, бақылау жұмыстарын күшейту керек деп санайды.

Депутат Сарым көрші елде орын алып отырған келеңсіз жағдайдың Қазақстанға жақсылық әкелмейтінін айтады.

1992 жылы құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, көптарапты әскери-саяси ынтымақтастықты дамытуға қызмет ететін ұжымдық құрылымның бірі болып табылады. Алайда қазір орын алып отырған геосаяси жағдайда 30 жылдық тарихы бар бұл ұйымның да қуаты әлсірегендей. Мәжілісмен Сарым Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы ұзаққа бармайды дейді.

Өздеріңізге мәлім, бұған дейін өзін тәуелсіз республикалар ретінде жариялаған Донбасс Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасында Ресейге қосылу мәселесі бойынша референдум өтетіні белгілі болды. Референдум 23-27 қыркүйекке жоспарланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.