Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ДОДАҒА КІМДЕР ТҮСЕ АЛАДЫ?

c 16:55, 22/09/2022 c 1672

0:00 / 0:00

Кезектен тыс Президент сайлауы ағымдағы жылдың 20-ы қарашасында өтетін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жарлығы кеше шыққан еді. Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын бастап кетті десек болады. Бүгін шұғыл түрде жиын өткізіп, кезектен тыс президент сайлауын өткізу бойынша жоспарларын айтты.

Президент лауазымына кандидаттарды ұсыну ертең яғни 23 қыркүйекте басталып 11 қазанда сағат аяқталады, - дейді Орталық сайлау комиссиясының өкілдері. Президенттікке түскен кандидаттың сайлау жарнасы 3 миллион теңгені құрайды. Егер кандидат президенттік додада жеңіске жетсе немесе дауыс беруге қатысатындардың кемінде 5 процент даусын жинаса, оған сайлау жарнасы қайтарылады. Қазақстан президенті лауазымынан үміткерлерге қойылатын талаптар бар. Ол міндетті түрде Қазақстан азаматы болуы керек. Жоғары білімді, белсенді сайлау құқығы болуы тиіс. Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді еркін меңгерген кандидат ғана осы додаға қатыса алады. Айтпақшы Президенттікке тек жасы 40-қа толған азамат ғана түсе алады. Алайда, неше жасқа дейінгілер түсе алатыны айтылмаған. Яғни шектеу жоқ, 80-90 жаста да ел басқаруға болатын сияқты. Кезектен тыс өткелі отырған Президент сайлауына қазынадан 20 млрд теңге жұмсалмақ. Оның басым бөлігі сайлауда тынымсыз еңбек ететін комиссия қызметкерлерінің жалақысы.

Биылғы сайлауда қазақстандықтар бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген тармақты таңдай алады. Айта кету керек, додада жеңіске жеткен кандидат 7 жылға және бір мерзімге Президент болып сайланады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.