Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Подстепныйда көп пәтерлі үйдің төбесі опырылып кетті

c 16:30, 01/02/2019 c 743

0:00 / 0:00

БҚО көп пәтерлі тұрғын үйдің төбесі қалын қарды көтермей опырылып кеткен.Қыстың көзі қырауда үйлерінің төбесі ашылып қалған тұрғындарды уақытша паналау орындарына орналастырған.Қазір ол жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.Оқиға 29 қаңтар күні Теректі ауданы , Подстепный ауылында болған. Бұл үйдің іргесі 1970 жылдары қаланған.Содан бері бір жөндеу көрмеген көп пәтерлі үйдің әбден тозып тұрған төбесі қалын қарды қайдан көтерсін.Бір - ақ сәтте төбе опырылып кеткен.
29 қаңтар күні екі кештің ортасында төбелері ортасына түскен 4 пәтердің тұрғындары далада қалдық деп аңырап отыр.
Кешкі сегіздерде болған апатты жағдайға байланысты шұғыл түрде Теректі аудандық әкімдігінен мамандар келіп, дереу комиссия құрылып сағат түнгі екіге дейін осы жерде жұмыс жүрген.Негізі бұл жерде тоғыз пәтер, тек төрт пәтердің ғана төбесі опырылып кеткен.Сол төрт пәтердің тұрғындарын дереу Подстепный ауылындағы жатақханаға орналастырған.Құрылған комиссия кеткен шығынды есептеп, тұрғындарға қандай көмек керегін есептеп шығарып, қазір қажетті материалдар сатып алынып жатыр.
Биыл қардың көп екені белгілі, сондықтан тұрғындар уақытылы қарды тазалап тұрулары қажет еді, бірақ олар өз міндеттерін орындамаған, салдарынан қыстың көзі қырауда осылай төбені жөндеуге мәжбүр.Бір жақсысы Теректі аудандық әкімдігінің қадағалуымен тұрғындарға миллионға жуық қаражат бөлініп тиісті материлдар сатып алынған.
Қазір құрылысқа қажетті материалдар толығымен сатып алынған.Көрші - көлем бірігіп төбені жөндеп жатыр.
"Бұл үй апатты деп таңылмаған, бірақ өте ескі үй. Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы арқылы үйге күрделі жөндеу жүргізуге тұрғындардың өздері келіспей отыр",- дейді бізбен сұқбаттасқан Подстепный ауылдық округінің әкімінің орынбасары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.