Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Подстепное ауылындағы медиация кабинеті

c 17:37, 27/02/2018 c 947

0:00 / 0:00

1 наурыз - алғыс айту күнінің қарсаңында Теректі ауданының Подстепное ауылында "Біздің жетістігіміз-бейбітшілік пен келісім" атты медиация кабинетінде ашық есік күндері ұйымдастырылды.

Подстепное ауылындағы жаңа мәдениет үйінде өткізілген қайырымдылық шара алдымен "Өткенді сақтай отырып, келешекті қалыптастырамыз" тақырыбындағы көшпелі кітап көрмесімен ашылды. Көрмеге өткен ғасырларда жарық көрген өңірімізге қатысты құнды кітаптар мен авторларының қолтаңбалары қалған әдеби шығармалар қойылған.

Кейіннен мәдениет үйі қабырғасында медиация кабинеті ашылды. 10 мыңнан астам адам тұратын үлкен ауылда бұрын тұрғындар медиаторларға жүгіну үшін қалаға қатынаса, енді бітімгерді алысқа бармай-ақ өз ауылдарынан да таба алады.

Бүгінгі таңда біздің облысымызда 200-дің үстінде медиация кабинеттері жұмыс жасайды. Аймақта барлығы 255 бітімгер болса, олардың 48-і кәсіби, 207-сі қоғамдық медиаторлар. Осы медиаторлардың араласуымен барлығы 2000-нан астам іс оң шешілген.

Басқосу барысында медиаторлар қатысушыларға бітімгершіліктің тиімділігін айтып, артынша шара "Алғыс сөздің асылы" атты қайырымдылық концертімен жалғасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.