Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Планшет пен компьютер таратылды

c 17:15, 16/09/2020 c 1051

0:00 / 0:00

ҚР Үкіметі резервінен өңірге 1500 ноутбук жекізілді. 15-қыркүйек күні «Aqjayiq - adaldyq alany» жобалық кеңсесі, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің және мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен білім басқармасында мектептерге арналған моноблоктарды (компьютерлерді) бөлу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Қашықтан білім беруді ұйымдастыру мақсатында БҚО әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 14 970 бірлік компьютерлік техника (компьютерлер - 1558 бірлік, планшеттер - 2018 бірлік, ноутбуктер 11394 бірлік) сатып алуға 2 318 399 596 теңге сомасында қаражат бөлінген болатын. Бүгінгі күні «Казинтерсервис» ЖШС компьютерлік техниканың бір бөлігін жеткізілді. Бұл планшеттер Орал қаласы, Теректі және Бәйтерек аудандарындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға берілетін болады.Бүгін А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ-те оқитын аз қамтылған, көп балалы отбасылардың қашықтан білім алып жатырған балаларына планшет пен ноутбук табысталды. Аталмыш білім беру ошағында барлығы 3062 бала білім алушы болса, 1500 оқушысы кезекші топтарда оқып жүр. Қаланың шеткі аумағында орналасқан мектепке 600 оқушы автобуспен тасымалданады. Аталған оқу нысанында білім алуға қажет 145 планшет пен ноутбук қажеттігі туралы мектеп әкімшілігіне өтініш қалдырған. Олардың барлығы бүгінгі күнде қанағаттандырылыпты. Мәселен, осы уақытқа дейін 35 компьютер мен 62 планшет берілген.Бүгін техникаға қол жеткізген 5 баланың анасы Жадыра Есенғалиева Зашаған кентінде ұялы байланыстың нашар екенін тілге тиек етті.Күні бүгін қала бойынша 4126 әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыға 42 млн теңгеден астам көмек берілсе, олардың 33 млн теңгесі міндетті жалпы білім беру қорынан бөлінген қаржы. Ал 9 млн. теңгесі демеушілік көмек қаражаты болып табылады.Орал қаласы бойынша қашықтан оқыту форматында жұмысты ұйымдастыру барысында 4447 көмекті қажет ететін оқушы бар екені белгілі болыпты. Еске сала кетейік, бұған дейін яғни 8 қыркүйекте ҚР Үкіметінің резервінен 735 планшет жеткізіліп, Орал қаласы, Жаңақала, Сырым аудандары оқушыларына таратылған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.