Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПАРЛАМЕНТ ЕЛОРДА АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ҚОЛДАДЫ

c 17:31, 16/09/2022 c 1473

0:00 / 0:00

Осыдан үш жыл бұрын экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елге сіңірген ерен еңбегін жарыса айтып, тіпті елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды ешбір қоғамдық талқылауға салмастан, қолдап қолпаштап, қабылдап жіберген Парламент еді. Бүгін жоғары заң шығарушы орган сол райынан қайтып отыр. Бұған дейін де айтылып келгендей депутаттық топтың елорда атауын өзгерту туралы ұсынысы парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық заңмен қолдау тауып, бекітіліп, Президенттің қол қоюына жіберілді. Осылайша Ата заңымызға ел астанасының атауын "Астана" деп өзгерту туралы түзету енгізіліп отыр. Кезінде Назарбаевқа жағынғысы келді ме, әлде өз ойларын айта алмады кім білсін? Шаһар атауын өзгертуге дауыс берген депутаттарымыз бұл әрекеттері үшін ұялып та тұрған жоқ. Бәрін уақыт талабына сырып қойып отыр.

Әлеуметтік желіде бас қалаға тарихи атауларды беру де ұсынылған болатын. Ел астанасын Алтын Орда, Орда, Алаш, Астана деп атау туралы қилы ұсыныстар жазылды. Депутаттар халықаралық деңгейде брендке айналған «Астана» атауына тоқтадық дейді.

Елордалықтарды алаңдатып отырғаны- құжаттарды қайта ауыстыру қажет пе? Себебі, қала аты үш жыл бұрын ауысқанда құжаттарын да өзгертіп әбігерге түскендер баршылық. Әділет министрі Қанат Мусин Астана деп өзгерткен жағдайда қазақстандықтар құжаттарын өзгертуге міндетті болмайтынын айтып қуантты.

Айта кету керек, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан елорда атауы тартып алынғанымен, әуежай, университет және көше атаулары өзгеріссіз қалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.