Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өртке оранған үй

c 15:26, 09/10/2018 c 641

0:00 / 0:00

Арнамызға келген әуесқой түсірілім бейнематериалынан алаудың лезде таралып жатқанын көруге болады. 8 март көшесіндегі номері 213 мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғын үйде өрт түскі 3 шамасында шыққан.Бастапқыда тұрғындар өз күштерімен қызыл жалынды сөндіруге тырысқанымен, тілсіз жау бой бермей, лезде үйдің екі бөлмесі отқа ораныпты.
Тілсіз жау 35 шақырым метрге жайылып үлгеріпті.Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті арқасында өрт күші ауыздықталып, жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылған.Қазіргі уақытта оттың қайдан шыққаны және келтірілген материалдық шығын мөлшері анықталып жатыр.Бастапқы деректерге сенетін болсақ,өртке үйдегі тұрмыстық техника себепші болған.
Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша облысымызда 527 өрт дерегі тіркелген,соның 350 жеке тұрғын үй секторында орын алған.Келтірілген шығын көлемі 5 млн теңгені құрап отыр.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.