Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өрт салдарынан 3 отбасы баспанасыз қалды

c 16:57, 28/04/2021 c 823

0:00 / 0:00

Тұрғын үй өртеніп, бір күнде 3 отбасы баспанасыз қалды. Оқиға 27 сәуір күні Желаев кентінде болған. Таңғы сағат 08:44-те Шоссейная көшесі №8 мекенжайында тұрғын үй отқа ораныпты. Тілсіз жаудың шарпыған аумағы 120 шаршы метрді қамтыды. Қызыл жалын сағат 09:43-те оқшауланып, 10:12-де әзер дегенде толықтай ауыздықталған.
Тілсіз жаудың салдарынан бәр сәтте 11 адам, оның ішінде 5 бала далада қалды. Бір аулада үш баспана бір-бірімен жапсарлас салынған. Бір үйден басталған қызыл жалын келесі баспанға ауысыпты. Оған қоса газ баллоны жарылып, тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түскен.
Өрт болған 3 пәтерлі үйде екі ағайынды мен қарындастары өз отбасыларымен тұрып келген. Айтуларынша, қызыл жалын тез күш алып, бой бермепті.
Қиын жағдайға тап болған ауылдастарына жерлестері түрлі көмек беруде. Осы мақсатта ватсапта арнайы чат ашылып, ортақ есепшот рәсімделген. Бүгінде осы есепшотқа қаражат жиналып жатыр.
Желаев кентінің әкімдігі де бұл жағдайдан тысқары қалмады. Уақытша болса да пана болатын жалдамалы пәтер алып берген. Жергілікті кәсіпкерлерді шақырып, арнайы техника жалдауды жоспарлап отыр.
Бір күнде далада қалған үш бірдей отбасына көмек қолын созам деген жандар болса экранда көрсетілген телефон нөміріне хабарласуына болады. Ақшалай демеу қылам десеңіз дәл осы нөмірге тіркелген есепшотқа жолдай аласыз. Каспий голд картасы Олжас Сейтимовтың атына бекітілген. Рамазан айында сауапты амал жасауға асығайық!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.