Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдық 90 отбасы жаңа қонысқа ие болды

c 14:58, 06/09/2018 c 856

0:00 / 0:00

Өзгенің босағасында жүрген 90 отбасы қала күні қарсаңында көптен күткен, жылдар бойы армандап келген баспаналарының кілтіне ие болды. Тұрғындардың қуанышын бөлісу үшін келген азаматтардың қатары қалың. Жиында сөз алған облыс әкімі баспана иелерін құттықтап, мемлекетіміздің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Зашаған кентінде бой түзеген жаңа тұрғын үй елбасының "Бес әлеуметтік бастамасының" мұрындық болуымен іске асып жатырған "7-20-25" бағдарламасының аясында тапсырылып жатқан алғашқы үйлердің бірі. Аталмыш бағдарлама азаматтардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, қолайлы жағдай жасап, құрылыстың санын еселеп, басында баспанасы бар тұрғындар санын көбейтуді көздейді.

Көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы өткен жылдың қараша айында басталған еді. Мердігер компания өкілдері құрылыс материалдары ретінде толықтай дерлік Отандық өнім пайдаланылды,-дейді.

Шаһар басшысы жаңа баспаналардың бірінде Елбасы жүктеген тапсырмалардың қалай жүзеге асып жатқандығы мен орындалуы барысын баяндап, қаламызда қолға алынған жобаларды жіпке тізді.

Жаңа баспанаға ие болғандардың бірі -Құсайыновтар әулеті еді. Біз сөзге тартқан кейуана мемлекеттік бағдарламалардың көмегін, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін қолға алынып жатқан жұмыстар туралы пікірін білдірді.

Облыс көлемінде 50-ге жуық тұрғын үйдың құрылысы басталды. Қазіргі таңда 44 үй толықтай аяқталған. Азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы шаһарымыздың аумағында 21 көп қабатты және аудандарда 88 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.