Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдағы жеке балабақшалар жабылудың аз-ақ алдында

c 11:13, 27/07/2018 c 1393

0:00 / 0:00

Оралдағы 23 жеке балабақша жабылудың аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Хайдар Қапанов мәлімдеді. Жеке балабақшаларды қаржыландыру мәселесіне кәсіпкерлердің көңілдері толмайды. Соңғы 3 жылда Орал қаласында 40 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бөбекжайлардың көптеп ашылуына себеп – ең алдымен мемлекеттік мекемелердегі орын тапшылығы болса, екінші билік тарапынан демеуқаржының берілуі еді. Алайда қазір жағдай күрт өзгеріп кеткен, кәсіпкерлер осыған алаңдаулы.

Марат Нургуатов – БҚО Кәсіпкерлер палатасының басшысының орынбасары
Облыста 1 млрд 300 млн теңгеге бюджет тапшылығы байқалады. Бұл туралы экономика министрлігіне де айтылды, алайда министрлік ережелерге сүйеніп, мәселе жергілікті деңгейде шешілуі керек деп санайды. Батыс қазақстан облысы дотациялық облыс болса, Атырау мен Ақтөбе облыстары донорлар. Оларда артық қаражат болса, тапшылықты жабуы мүмкін. Бірақ біздің облыстағы қазіргі жағдай бойынша жергілікті атқарушы оргаандардан шешім болмай тұр.

Билік тарапынан демеуқаржы тек мемлекеттік балабақшаларға беріледі, ал жеке бөбекжайларға төленбейді. Кәсіпкерлер жеке мектепке дейінгі ұйымдардың ақысын көтеруді ұсынып отыр, алайда бұл ата-аналар мен қоғам арасында дау туғызып отыр.

Хайдар Қапанов
Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы

Жергілікті атқарушы органдар мен облыс әкімдері орынбасарларымен белгіленген басымдықтар осы қаражаттарды қайда жіберу керектігін шешеді. Немесе кәсіпкерлікті 1млрд 300 млн қаражатқа қолдап, білім және ғылым министрінің тапсырмасын орындау үшін 300 млнды балабақшаларға бөлу керек. Біз бұл мәселені қандай да бір шешімге келу үшін көтердік. Кәсіпкерлер палатасы жергілікті бюджет саясытының басымдылықтарына қалай әсер ете алады? Осы салада жұмыс істейтін қызметкерлер мен кәсіпкерлер зардап шегеді. Дамудың беріп отырған 7пайызынан айырылып отырмыз. мәселе Қазір туындап отыр, келешекте ол проблема тек ұлғая береді.бұл кәсіпкерлердің әлеуметтік наразылығына әкеледі, себебі мемлекет келісілген ережені сақтамай отыр.

Кәсіпкерлер келер айдағы өзгерісті қобалжи күтіп отыр, себебі қаржы сол күйі аударылмаған жағдайда, банктердегі қомақты қарызды кім төлемек?!

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.