Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда өрт қауіпсіздігі сақталмаған сауда орындары уақытша жұмысын тоқтатты

c 17:12, 15/08/2018 c 641

Орал қаласында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 15 сауда нысанына сот шешімімен 2 млн. 800 мың көлемінде айыпппұл салынған болатын. Соның ішінде Строймаркет, Жадыра, Алтын алма, Квант, Форум сауда орындарының жұмыстары белгілі бір мерзімге тоқтатылып отыр. Бұл жөнінде БҚО ТЖД мамандары мәлімдеді. Естеріңізге саламыз, Ресейдің Кемерево қаласындағы қайғылы жағдайдан соң елде үкімет басшысы мен бас прокуратура барлық ойын-сауық орталықтарында тексеріс өткізуге тапсырма берген еді. Нәтижесінде анықталған құқықбұзушылықтар тез арада жойылып, жауапты тұлғалар айыппұлға тартылып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.