Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда бадминтоннан ел біріншілігі өтуде

c 17:24, 24/03/2021 c 578

Оралда бардминтоннан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды. Спорт додасында 6 өңірдің спортшылары бақ сынауда.

Облыс орталығында 2009 жылы туған жас спортшылар мен олардан кіші балалар арасында ел чемпионаты басталды. Ел біріншілігінде алты өңірдің спортшылары бап пен бақтарын сынап, шеберліктерін шыңдауда.

Ел біріншігінде өнер көрсетіп, шеберліктерін шыңдап жүрген спортшылардың қатарында батысқазақстандық Расул мен Мұстафа бар. Олар осы спорт түрімен 3-4 жылдан бері шұғылданып келеді. Жас спортшылар түрлі жарыстарға қатысып, облыс орталығында өтіп жатқан додада қарсыластарын 2:0 есебімен ұтып, жеңіске жеткен.

Оралда жас бадминтоншылар арасындағы сайыс 28-ші наурызда өз мәресіне жетпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.