Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда 12 орында 25 субұрқағы бар

c 16:14, 28/04/2021 c 459

Мамыр айынан бастап қаладағы субұрқақтар жұмысын бастайды. Бүгінгі таңда оларды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта қала көркіне сән қосар фонтандар саны артады деген де болжам бар.Қалалықтар мен шаһар қонақтарының негізгі демалыс орындарына айналатын субұрқақтарды қайтадан іске қосу шаралары жүргізілуде. Сала мамандары күн жылынғалы бері олардың жер асты құбырларын тексеріп, жаз бойы үздіксіз жұмыс жасауы үшін жаңғырту шараларын қолға алған. Орал қаласында бүгінгі таңда 12 орында 25 субұрқақ бар. Мәселен, былтыр Сырым Датов ескерткіші маңындағы ең көне субұрқақ жаңғыртудан өтті. Бүгінде аталмыш нысан жұмысын бастауға дайын. Вокзал маңындағы субұрқақты жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оны қала күніне орай пайдалануға беру жоспарланған. Алдағы уақытта тұрғындар үшін жаңа фонтандар салу жоспары да бар. Алайда ол келесі жылдардың еншісіне тиесілі. Көпшіліктің сүйікті орындарындағы субұрқақтардың алғашқы легі 9 мамырда іске қосылып, содан қазан айына дейін тұрғындарға қуаныш сыйламақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.