Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевпен сұхбат

c 18:32, 07/09/2018 c 1247

0:00 / 0:00

6-қыркүйек күні Орал қаласының әкімі тікелей эфирдегі бағдарламаға қатысып, 1 сағаттың үстінде сұхбат өткізді. ТДК-42 телеарнасының көрермендері жол жөндеу, тұрғын үй құрылысына қатысты сауалдарына шаһар басшысына тікелей қоңырау шалып жауап алды. Бұдан өзге облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ақпарат беріліп, алдағы жоспарлар жарияланды.

Күн санап Орал қаласы халқының артуынан туындаған қажеттілік баспана мен әлеуметтік нысандар құрылысындағы қарқынды арттырды. Қазіргі кезде осы мақсатта мемлекеттік бағдарлама бойынша 21 үй салынуда. Ал "Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік" бағдарламасымен 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Соңғы 2 жылда шаһарымызда 110 шақырым көлік жолы күрделі жөндеуден өтіпті. Жалпы ұзындығы 615 шақырым жолдың жөндеуге зәру бөлігін қысқартуда жаңа шағын аудандар мен кент халқының жан айқайына құлақ асып, ауқымды жұмыс атқарылды. Өзекті мәселелердің бірі- қала аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жиі өртенуі. Осы мәселені шешу үшін коммуналдықтар кешенді іс шара қабылдаған. Тікелей эфирде қабылданған Деркөл кенті тұрғындарын мазалаған сұрақтар да әлеуметтік мәселерге қатысты болды. Бағдарлама уақыты шектеулі болған соң барлық сұрақты қамту мүмкін болмады. Дегенмен олардың ешқайсысы ескерусіз қалмайды. Барлығы қала әкімдігі мамандарының қарауына алынып, алдағы жоспарлы жұмыста азаматтардың өтініш тілектері мен ескертулері назарға алынатын болады дейді билік өкілдері.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.