Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңесі ұйымдастырылды

c 17:33, 28/02/2020 c 503

0:00 / 0:00

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» БҚОФ Орал қаласының №3 халыққа қызмет көрсету бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке аясында 100-ге жуық азамат Орал қаласының жұмыспен қамту, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй, білім беру, ауылшаруашылығы, ветеринария сынды мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерінің өкілдері көмегімен қажетті қызмет түрлері бойынша кеңес алды. Жәрмеңкенің мақсаты - халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру. Сондай-ақ, жақында өз жұмысын бастаған «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Орал қаласының №3 халыққа қызмет көрсету бөлімінің жұмысын кеңінен насихаттауды меңзейді. 60 мыңға жуық тұрғынды құшағына сыйдырған Зашаған кентінде №3 халыққа қызмет көрсету бөлімі жуырда өз жұмысын бастаған болатын. Соңғы бір айдың өзінде аталмыш бөліммен 13 мыңға жуық мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген екен. Ал, бүгінгі жәрмеңкеде электронды цифрлы кілт алғысы келетіндердің барлығына 15 минут ішінде қызмет көрсетілді, олар бұл мүмкіндікке үйлерінен шықпай-ақ қол жеткізе алады, әрі уақыттарын үнемдейді. Жәрмеңкеге келушілердің басым көпшілігі салық төлемдерін жүргізудің тәртібі, жер телімдері және жылжымайтын мүліктерді ресімдеуге қатысты сауалдарын қойды. Бастама ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ. Бүгінгі күні "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында 694 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылса, оның 608-і электронды форматта көрсетіліп келеді. Заман ағымына сай мемлекеттік қызметтердің аясы осылайша кеңейе түспек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.