Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында күннен қуат алатын станция іске қосылды

c 13:53, 17/10/2019 c 539

0:00 / 0:00

Оралда алғашқы рет фотоэлектрлік күн панелі орнатылды. Аталмыш инновациялық жоба білім ошағындағы жылдық энергия тұтынуының 20 пайызын үнемдейтін болады. Игі бастаманың шарапатын Назарбаев зияткерлік мектебі көрмек. Фотоэлектрлік станция күн сәулесін фотоэлектрлік модульдер арқылы түрлендіру арқылы электр энергиясын өндіреді. Олар мектептің жылдық энергия тұтынуының 20% үнемдейді және артық өндірілген электр энергиясын қалалық желіге жіберуге мүмкіндік береді. Аталмыш күн энергиясы алғашқысында Нұр-Сұлтан қаласында орнатылса, кейін Ақтау қаласында, ал енді орал қаласында орнатылды. 2020 жылы осындай станция Алматы және Атырау қалаларында пайда болмақ. Жасыл экономика саласына орасан зор үлесі бар жоба оқушыларды экологиялық санада тәрбиелеп, шығармашылық идеяларына мол серпін бермек. Жобаның ашылу салтанатынан соң, мекептің жас өнертапқыштары жасыл энергетика менжасанды интеллект, сондай-ақ биотехнология салаларындағы еңбектерімен жиналғандарды тәнті етті.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.