Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал әуежайы жыл соңында пайдалануға беріледі

c 17:39, 02/06/2021 c 585

0:00 / 0:00

Орал халықаралық әуежайының құрылысы қарқын алды. Бүгінде жүзге жуық жұмысшы жаңа қос қабатты нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқтау үшін бар күштерін сарп етуде.Қазір болашақта бір күнде 400 адамға дейін қызмет көрсететін жаңа терминалдың құрылысы қызған. Нысан басындағы құрылысшылар түсірілім тобымызды көре сала ат тондарын ала қашып, қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Тек бізге белгілі бір ғана мәлімет-құны 6,5 млрд. теңгені құрайтын жаңа нысанның жыл соңында пайдалануға берілетіні. Бұл туралы осыдан бір апта бұрын аймақ басшысы Ғали Есқалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.Естеріңізде болса, әуежайды қайта жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталып, оған бастапқы уақытта 1,5 млрд қаражат бөлінген еді. Кейін әуежай терминалын қайта жөндеу жұмыстарында техникалық қателіктер орын алғандықтан, жоба уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, жаңа терминалдың құрылысы биылғы жылдың басында жобаға бірқатар өзгерестір енгізілгеннен кейін, қайта жанданды. Бірнеше жылдан бері тар нысан арқылы сапарға шыққан жолаушылар енді құрылыстың қызуына байланысты әкімшілік ғимаратқа дейін бірнеше метр жаяу жүруге мәжбүр.«Қарашығанақ Петролиум Операйтинг» компаниясының есебінен жүзеге асырылып жатқан құрылысқа жауапты - «Казконтракшнгрупп» құрылыс компаниясы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.