Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өмірді құтқару

c 17:19, 24/09/2020 c 443

0:00 / 0:00

Диализ қызметін көрсететін елдегі алғашқы медицина мекемелерінің бірі «БИОС» ЖШС жұмысын 2000 жылы бастаған. Бүгінде аталмыш серіктестіктің гемодиализ клиникаларының желісі Ақтөбе, Ақтау, Повладар, Қостанай және Атырау қалаларында бар. Орал қаласында бес жылдан бері жұмыс істейтін орталық қызметін енді жаңа ғимаратта жалғастырады. Мекеменің ашылу салтанатына қала әкімі Абат Шыныбеков қатысты. Орталықта екі дәрігер-нефролог, сегіз медицина қызметкері бар.
Орталық қызметінің басты мақсаты - науқастарға сапалы қызмет көрсету. Екі ауысымдағы орталық қажеттілік туындаса, үш ауысымда да жұмыс істеуге дайын. Ол кезде 70 науқасқа дейін қабылдай алатын көрінеді. Қазірдің өзінде 45 науқас әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аударған 300 млн. теңгеден астам қаражатқа диализ қабылдау үстінде. Олар І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар. Жалпы облыса 200 адам осы дертке шалдыққан.
Ескі де, тар ғимаратта отырған орталық қызметкерлері енді аумағы 200 шаршы метрден астам орынға көшті. Жаңа ғимарат қызметтің сапасын арттырып, халыққа жағымды жағдай жасайды,- дейді орталық қызметкерлері.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.