Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оқу-жаттығу жиындары өткізілді

c 16:54, 01/07/2021 c 857

0:00 / 0:00

Жәңгір хан атындағы университеттің "Әскери кафедра" студенттері оқу жылы барысында алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсете алды. Кафедраның жабдықталған оқу қалашығы мен тактикалық алаңында арнайы оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Оған басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов қатысып, курсанттардың әскери дағдыларына куә болды. Оқу жаттығу жиынына әскери кафедраны бітіріп жатырған 90 курсант қатысты.
Бітіруші курсанттар көрсетілім барысында граната лақтырудан бастап әскери автокөлік жүргізу, артиллериялық атысты басқару, радио құралдары байланысымен жұмыстану және байланыс орнату сынды іс-әрекеттерді орындады. Взвод командирлерінің пәрмендерін бұлжытпай орындап, соғыс алаңындағы ұрыс дағдыларын көрсетті. Осы кезге дейін бітіруші курсанттар әскери полигондағы атыс жаттығуына қатысып, әскери ант қабылдаған болатын. Енді оларды оқу-жаттығу жиынынан кейін емтихан сынағы күтіп тұр.
Әскери кафедрада алты мамандық бойынша әскери мамандар даярланады. Биыл білім ордасындағы кафедраны 169 курсант бітіреді. Емтиханнан сүрінбей өткендеріне әскери билет пен лейтенант шені беріледі. Сол арқылы кафедра түлектері түрлі әскери қызметте жасай алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.