Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыстық филармонияның маусымашары көпшілік қошеметіне бөленді

c 16:50, 04/10/2019 c 952

0:00 / 0:00

Аймағымыздағы өнердің қара шаңырағы, 50 жылдық тарихымен дараланған - Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония өзінің жаңа маусымын жаңашыл леппен ашты. "Саз әлемі" атауымен ашылған кеш, әуелі филармонияның тынысы мен жетістігі кеңінен дәріптелген фотокөремеден басталды. Оркестр өнерін тамашалау - нағыз рухани демалыс. Өйткені, жанды музыка даңғаза әуенге қарағанда ерекше әсер қалдырары сөзсіз. Екі сағатттық мерекеге жиналған көрермен бір мезетте түрлі жанрда өнер көрсеткен Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, "Ән қанаты" вокалдық аспаптар ансамблі және «Назерке» халық-би ансамблі , сондай-ақ «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің дәстүрлі әншілерінің біріккен кеші мен классикалық-комералық ансамблі вокалистерінің концертіне қанық болды. Өнер майталмандарының өнерін ұйып тыңдап, қошемет білдіргендердің қарасы ұшан-теңіз. Филармонияның маусымашары көпшілік қошеметіне бөленді. Келешекте де бұл қара шаңырақ заманауи форматтағы сан қилы шараларды өткізуге ниетті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.