Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс әкімі окқ алаңында есеп берді

c 17:24, 03/12/2021 c 1398

0:00 / 0:00

БҚО-да 1200 шақырым жол салынды. Тәуелсіздік жылдарында бұдан бөлек 2 мың шақырымнан астам жол жөңделіп, 6 көпір жабдықталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аймақ басшысы Ғали Есқалиев мәлім етті.

Казталов-Жәнібек-Бөкейордасы аудандары автожолын жөндеу жұмыстарында кідіріс бар. Өңір басшысы Ғали Есқалиевтың мәліметінше, негізгі себеп - қазіргі таңдағы экономикалық дағдарыс пен құрылыс материалдарының күрт қымбаттауы. Бүгінде қалған екі аудан орталығына жол салу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары ауа райының қолайсыз болуынан кешігіп басталған. Яғни жоспарлы жұмыстар межеден кеш аяқталмақ. Аймақ басшысы Ғ.Есқалиев келтірген деректерге сүйенсек, осы жылы өңірде 324 шақырым жол жөңдеуден өткен. Үкіметтің қолдауымен «Атырау-Орал» жолын кеңейтуге және Орал қаласының айналма жолы құрылысына қаражат бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Көлік инфрақұрылымына келер болсақ, облыс орталығында жеке инвестициялар есебінен автобекет қайта жаңғыртылған. Жуырда халықаралық әуежайды қайта жабдықтау жұмысы аяқталатын болады. Өздеріңізге белгілі аумақ халқының негізгі күнкөріс көзі -ата кәсіп мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Өңір экономикасы мен ауыл шаруашылығының одан әрі дамуы суға тәуелді болып отыр. Биыл Үкіметтің қолдауы арқасында өңірдің оңтүстік-батыс аудандары үшін Ресейден жеткізілетін су көлемі 2019 жылғыдан 2 есеге көбейді. Ұзындығы 185,6 шақырымды құрайтын 3 магистраль каналды қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл Жайық өзенінің сол жақ жағалауында 350 мың гектарға дейін жайылымды ауыл шаруашылығы айналымын енгізуге мүмкіндік береді. Бүгінде 65 млн текше метрге Киров су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстарын басталды. Сондай-ақ 40 млн текше метрге тағы 2 су қоймасын салуға жобалар дайындалуда. Осы жылы 6 мың гектарға дейін суармалы жүйе енгізіп, 2026 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 мың гектарға дейін жеткіземіз»,- деді өңір басшысы.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.