Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Нан бағасы қымбаттады

c 17:42, 17/10/2019 c 1124

0:00 / 0:00

Орал қаласында кешелі бері 1-сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы 70 теңгеден 80 теңгеге қымбаттады. Осыған орай, қараша халық нан бағасының аспандап кетуіне не себеп? -деп аң-таң. Ас атасы - нанның қадірін тереңнен ұғынған халық болғанымызбен, нан бағасы күн санап шарықтап барады. Ас атасы - нан бағасының 10 теңгеге қымбаттауын түсіндіруге тырысқан қалалық кәсіпкерлік бөлімі, жағдайды ұн бағасының өсуімен байланыстырып отыр. Жоғарғы сұрыпты нан-тоқаш өнімдерін айтапағанның өзінде, өткен жылы«әлеуметтік нан» аталатын бірінші сұрыпты нан бағасы 70 теңгеге жетсе, ал қазір ол 16 пайзға жоғарлап, 80 теңге болды.  Алдын-ала болжам бойынша биыл жиналатын астық көлемі өткен жылға қарағанда 2-3 млн тоннаға аз болмақ. Астық көлемі азайса, нан бағасы шарықтайты сөзсіз, - деген еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың кешегі үндеуінен кейін Орал қаласында нан бағасы бірден қымбаттады. Қаламыздағы нан-тоқаш өндірушілері жергілікті бидай өнімі жеткіліксіз болғандықтан, ұн өнімін сырттан алуға мәжбүр. Наубайханашылар ұнның бір келісі 40 теңге қымбаттағанын айтады. Алайда, тұтынушылардың нан сапасына көңілдері толмайтыны тағы бар. Айталық, жоғарғы сұрыпты нан бағасы бүгінде 90 теңгеден 130 теңге өссе, 1-сұрыпты ұнның құны 70-80 теңгеден 115 теңге өскен. Қазір қаладағы алып сатарлар нан құнын 85-90 теңгеден саудалауда. "Тұрақтандыру қорының тауарлары!",- деп талайды тамсантқан әлеуметтік дүңгіршектерге бас сұққандардың легі тауар бағасына көңілдері толмайтындықтарын жеткізген сатушы, нан көтерілсе, азық - түлік бағасы тағы да шарықтайды деп алаңдайды. Нан бағасының қымбаттауына тек астықтың аз жиналуы ғана емес, жанар-жағар май мен электр энергиясының бағасы да өз әсерін тигізері сөзсіз. Тұрғындардың бұған дүрліге қарауына да негіз жоқ емес. Нан қымбаттады дегенше, өзге де тауар бағалары шарықтады дей беріңіз. Бүгінгі күні қалалық кәсіпкерлік бөлімі нан бағасын тұрақтандыру үшін "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның қорындағы 1-сұрыпты 200 тонна астықты нарыққа шығармақ ниетте. ал ол қашанға дейін жетпек?

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.