Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Модернизация жалғасуда

c 15:09, 01/10/2018 c 579

0:00 / 0:00

Орал қаласында орналасқан 14 базар модернизацияланады. Олардың орынына сәулеті көз тартатын сауда орталықтары бой түземек. Бұл туралы Орал қалалық кәсіпкерлер бөлімінің мамандары мәлімдеп отыр. Базарлармен күрес Елбасының тапсырмасынан кейін, жүзеге асып жатыр. Мәселен, 2025 жылға қарай шаһарымызда толықтай базарлардың көзі жойылады деп жоспарланып отыр.

Әлі күнге дейін шаһарымыздың көшелерінде сауда- саттық қарқынды түрде жүріп жатыр. Мәселен, бұл қала орталығында орналасқан "Тұлпар" базары. Бұл жерден қала тұрғындары әлі күнге дейін киім-кешектері мен өзге тауарды сатып алуда. Сатушылар күн салқындаған тұста, қалың киініп алып, жұмыстарын жалғастырады. Бұл базардың қасында "Қайнар" атты базар да орналасқан еді. Қазіргі таңда, бұрынғы базар орнында құрылыс жұмыстары басталған.

"Қайнар" базарында сауда саттықпен айналысып жан баққан сатушылар құрылыс жұмыстарының тезірек аяқталуын күтіп жүр.

Ал, бұл жерде "Московский" деген базар орналасқан еді. Қазіргі таңда, бұл мекенде жаңа сауда үйі бой түзеді. Алайда, модернизациялық жұмыстар әлі күнге дейін жалғасуда.

Орал қаласы бойынша 2025 жылға дейін 14 базар модернизацияланады деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.