Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Менің аулам - менің бағым» жобасы

c 18:00, 08/09/2021 c 791

0:00 / 0:00

Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы өз жұмысын 1993 жылы бастады. Ол кезде оқушылар ескі балабақша ғимаратында білім алуға мәжбүр еді. Өткен жылы білім ордасы жаңа ғимаратқа көшті. Мектептің құрылысына «КПО б.в.» компаниясы есебінен 1,7 млрд. теңге қаражат кеткен болатын. Биыл зәулім ғимаратта жаңа оқу жылын 1395 оқушы бастады. Қазақ сыныптары да артып келеді. Алғаш кезде жеті қазақ сыныбы болған еді. Биыл мемлекеттік тілде білім беретін 17 сынып ашылып отыр.

Мектепте сапалы білім беруге барлық жағдай жасалған. Оқушылар бос уақытында хореография, көркем өнер үйірмелерімен қамтылады. Оған қоса білім ордасында «Менің аулам – менің бағым» жобасы жүзеге асуда. Жобаға шаһардағы 7 білім ордасы қатысуға ниет білдірген. Әрқайсысына сұрыбы әр түрлі алма ағашының 10-20 түбі берілген.

Сонымен қатар, мектеп ауласына 600 дана раушан гүлі егілген. Оған қоса, 12 түп алма ағашы және 15 шырша отырғызылған. Жаз маусымында оқушылар күтіп-баптау жұмысына тартылды. Олар гүлдерді суарып, арам шөптен тазартып, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Алма бақтарында еңбек ететін шәкірттерге қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 500 теңгеден төленген еді.

Айта кетсек, 1-4 сынып оқушылары толық күнмен қамтылып, үш мезгіл тамақ ішеді. Осы жерден тапсырмаларын орындап, үйлеріне тек тынығуға барады екен. Бұл ата-аналарға өте ыңғайлы жағдай екені анық. Мектепте 77 ұстаз болса, соның 53%-ы жоғары санатты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.