Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселесі қаралды

c 15:53, 13/04 c 3

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік ісі қаралды. Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округінің әкімі мен Байтерек ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысы қоғамдық-саяси және жер комиссияларында әдеп нормаларын бұзғаны, бейәдеп сөздер айтқаны анықталды. Аталмыш тәртіп бұзушылықтар алғаш рет тіркеліп отырған жоқ, лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметкерлердің беделіне нұқсан келтіргенін атап өткен жөн. Отырыстың қорытындысы бойынша тәртіптік шаралар қабылданып, қызметтік тәртіпті нығайту жөнінде ұсыныстар берілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.