Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер үйде отыруы тиіс

c 17:32, 29/12/2020 c 669

0:00 / 0:00

Желтоқсан айының 1-інен бастап облыста коронавирус індетін жұқтыруға қатысты 997 дерек анықталды. Оның 33% жағдайы бойынша адамдардың жақын қарым-қатынасы салдарынан ауру тараған. Яғни бір үйдегі отбасы мүшелерінің бір-біріне залалы тиюде. Облыстық əкімдік ғимаратында өткен жедел штаб отырысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев қазан айынан бері эпидемиологиялық ахуал қайта күрделеніп келе жатқанын хабарлады. Вахталық əдіспен жұмыс істейтіндер арасында қауіпті дерт жиі анықталады.Желтоқсан айында скрининг нəтижесінде Қарашығанақ кен орны жұмысшылары арасынан 80-нен астам дерек тіркелген. Олардың 70%-ында ауру белгісі жоқ. «Жайықмұнай» ЖШС қызметкерлерінен де коронавирус инфекциясы анықталуда. «Екі кешен бойынша компаниялар басшыларына сақтық шараларын күшейту керектігі ескертілген. Облыстың барлық аудандарында ауру жұқтыру дерегі тіркелген. Жедел штаб отырысында Орал қаласы əкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй желтоқсан айында мониторинг қорытындысы бойынша шектеу шараларын бұзуға қатысты 57 талап бұзушылық анықталғанын айтты. Осы орайда облыс әкімі Ғали Есқалиев жасырын мерекелік жиындарға, көпшілік шараларға мемлекеттік қызметкерлердің бармауын қадағалау қажеттігін басқарма басшыларына ескертті. «Егер мемлекеттік құрылымдар мен бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің көп адам жиналып, көңіл көтеретін жерде жүргені анықталса, бұл деректі бірден тіркеуге алып, жұмыстан босату керек. Өйткені күніне 40-45 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталуда.Штаб отырысында облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Жаншин мас күйінде көлік жүргізу тыйылмай тұрғанын хабарлады. Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жəне архивтер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Петр Лежников stopcovid.kz порталын жетілдіру жұмысы мен коронавирус инфекциясы бойынша жағдайды бақылау үшін цифрлы əкімшілендірудің бірыңғай ахуал орталығы қызметі туралы баяндады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.