Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Мектепке жол" акциясы жалғасуда

c 17:00, 20/09/2018 c 655

0:00 / 0:00

Жаңа оқу жылы әрбір ата-ананы алаңдататып, біраз әуре -сарсаңға салатыны жасырын емес. Ата-аналар бауыр еті баласын мектепке дайындау барысында көптеген қиындықтармен бетпе-бет жүздесіп, қаражатының басым көпшілігін жұмсап, қалтасын жұқартатыны белгілі. Бұл кезеңде көп балалы немесе өмірдің түрлі жағдайына тап болған отбасылардың жағдайы қиын. Күн санап бағаның шарықтап бара жатқан кезінде баланың мектепке керек-жарағын алып беріп, қолғабыс қылатын "Мектепке жол акциясы" біраз жанұяның жүгін жеңілдеткендей. Биылғы жылы "Ақ жол" партиясы "Мектепке жол акциясы" барысында 40 шақты отбасыға қол ұшын созған.

Еліміздің аумағында он жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан "Мектепке жол акциясы" көптеген бүлдіршінге көмек қолын созып, қажетті құрал-жабдық алып берген еді. Қайырымдылық шараларына үнемі ат салысып жүретін "Ақ жол" партиясы да бұрынғы үрдісінен жаңылмай, биыл 40 шақты отбасыға жәрдемдесіпті. Акция оқу жылы басталған тұста да өз жалғасын табуда. Қалалық мәслихаттың депутаты Әлібек Әжмағанбет №22 мектепте оқитын бүлдіршіндерге мектеп сөмкесін сыйға тартып, оларға сәттілік тіледі.

Аталмыш акцияға Құндыз Есказиева есімді ата-ана да қатысқан болатын. Көпбалалы ана шараның маңыздылығын атап өтіп, өз ризашылығын білдірді.

Өмірдің түрлі жағдайына тап болған отбасыларға көмектесетін бұл акцияның мән-маңызы зор. Бұны партия өкілдері де атап өткен болатын.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.