Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МЕКТЕП АСХАНАСЫНДА БАҒАНЫҢ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК»

c 17:00, 20/09/2022 c 1493

0:00 / 0:00

Мектеп асханасындағы баға да шарықтап барады. Кей жағдайларда асханадағы бір бөтелке судың құны дүкендегі бағадан да қымбат болып жатады. Бұған мектептерді аралағанды көзім жетті дейді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов. Бүгін мектеп асханаларындағы өнімдердің қымбаттығына байланысты мәселелер министрліктің онлайн режимінде өткен жиынында талқыланды. Жаңа оқу жылы басталғалы мектепте жиі көтерілетін мәселенің бірі- тамақтану. Кей білім ордаларында тамақ дәмсіз әзірленгендіктен оқушылар оны жеуден бас тартып жатады. Көбісі ыстық тамақтан гөрі, тез дайындалатын тағам түрлерін таңдайды. Бұл баланың дұрыс тамақтану режимін бұзатыны сөзсіз. Ал асханалардағы баға көрсеткіші де көңілден шықпайды. Министрдің өзі мектепте буфетте сатылатын тамақтың бағасы көрші дүкенге қарағанда екі есе қымбат болғанын көзбен көрдім деп отыр.

Министр Аймағамбетов мониторингтік топ құрып, мектеп асханаларындағы бағаны бақылауды тапсырды. Енді қызметтерді жеткізушілермен азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы жаңа шарттар жасалғаннан кейін мектеп асханаларындағы бағалар, оның ішінде буфет өнімдері, сусындар және тағы басқа да қызмет көрсетушілердің қалауы бойынша емес, орташа нарықтық бағаларды ескере отырып қалыптастырылады, - деді ол.

Сондай-ақ Аймағамбетов мемлекеттік сатып алу порталындағы деректер базасы мен статистика органдарының ақпараты негізге алынады. Яғни бұл асханаларда бағаның көтерілуіне жол бермейді. Ал жеткізушілер тендерді ұйымдастырушының конкурс құжаттамасында көрсеткен ас мәзірі мен бағаларға сәйкес қатаң жұмыс істейтін болады деді. Бұл мектеп асханаларындағы бағаны бағасын белгілеу үшін қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.