Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Латын әліпбиін енгізуде асығуға болмайды!»

c 17:56, 03/11/2017 c 731

0:00 / 0:00

Батысқазақстандық зиялылар осылай дейді. Бекітілген әліпбиге қатысты жанайқайын білдірген аға буын өкілдерінің бірқатары қаріпбиіміздің өзгеруіне өз қарсылықтарын да білдіруде. Елбасының стратегиялық мақаласы аясында қабылданған бұл мәселе бүгін әдебиет саласының өкілдерінің арасында қызу талқыға түсті.
Ресми бекітілген латын әліпбиі Қадыр ақын атындағы орталықта талқыға түсті. Жас ақындар, студенттер мен өскелең ұрпақ үлгі тұтатын зиялы қауым өкілдері дөңгелек үстел басына арнайы жиналды. Ұлтымыздың рухани тұрғыдан жаңғыру мақсатында қолға алынған латын қаріпбиіне қайта оралуға жастар қатары оң көзбен қарайды. Себебі, бұл ұлттық тілімізді, дыбыстарымызды, әріптерімізді жаңғыртуға тың серпін берері рас.
Бірақ, аға буын өкілдері кириллицадан ат тонын ала қашудың қажеті жоқ екендігін алға тартты. Жаңашылдық атаулығы секем ала қарайтын зиялылар «қазақ латын қаріпіне көшсе де, сана өзгермей көш ілгері дамымайды» дегенді айтады. Түркі әлеміне алфавитсіз ақ қосылып, жаһандық дамуға да қол жеткізе алады екенбіз.
Тихон Әліпқалиұлы латын әліпбиінің елбасы бекіткен нұсқасын да қолдамайтындығын жеткізді. Үтір толы қаріптерді оқу да, жазу да қолайсыздық тудырады-мыс. Алайда тілтанушы ғалымдар латынға қайта оралудың бірқатар артықшылығын айтып көрсеткен болатын. Бұның жаһандық дамуға да, түркі әлеміне қосылауға да қатысы жоқ, бұл тұста ұлттың ұтары - төл дыбыстарымыздың жандануында. Орыстың саясатымен жоғалтып алған қазақы үнімізді қайтару - басты міндет, заман талабы. Өзекті мәселеге байланысты қоғам арасында екі жақты пікір туындайтыны орынды да. Себебі, бұл күллі алашқа қатысты маңызды шешім. Сондықтан да ұлт жанашырлары, зиялылар латын әліпбиіне көшу мәселесіне атүсті қарамау керектігін айтады.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.