Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫТАЙ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДА

c 10:48, 15/09/2022 c 1475

0:00 / 0:00

Осы аптада Қазақстанға келіп жатқан құрметті қонақтар қатарын Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин толықтырды. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біздің елге мемлекеттік сапармен келген Қытай басшысы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды. Одан әрі екі ел басшыларының кездесуі Ақордада жалғасын тапты. Дәстүрлі түрде қадірменді мейманды қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ екі елдің әнұрандары орындалды. Бұдан әрі ел басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылады деп хабарлайды Ақорда. Айта кету керек, ағымдағы жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды. Бұл Қытай басшысының пандемиядан кейінгі шетелге алғашқы сапары болып отыр.

Өз кезегінде қазақ-қытай арасындағы ынтымақтастық мәселесін қозғаған көрші ел басшысы Қазақстанның территориялық тұтастығын сақтауға қолдау көрсететінін айтты.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды.Тараптар көлік-логистика, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылық салаларының мәселелері және трансшекаралық өзендер жайын талқылады. Келіссөздерден кейін екі ел басшылары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.