Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қылмыстық топқа үкім шықты

c 16:25, 29/01/2019 c 600

0:00 / 0:00

Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  мұнай өнімдерін заңсыз саудаға салды деп күдіктелген қылмыстық топқа үкім шықты. Аталмыш қылмысқа қатысы бар деген алты айыпты 5 жылдан 10 жылға дейін жаза арқалады. Мұнай өнімдерін заңсыз саудалаған топ 2017  жылы күдікке іліккен еді.Сот белгіленген уақыттан бір сағатқа кешігіп басталды. Осы уақытын босқа өткізбеген сотталушы Қайрат Намазбаев өзіне тағылған айыптардың негізсіз екендігін мәлімдеп үлгірді. Сот материалдарынан мәлім болғандай, 2017 жылдың күзінде Атырау-Орал тас жолының бойындағы полиция бекетінде битум тиелген бес жүк көлігі тоқтатылады. Кейін құжаттарынан шикілік шығып, ұйымдасқан қылмыстық топ деп танылады да, ісі сотқа жолданады. Дегенмен сотталушы Қайрат Намазбаев мұны әділетсіздік дейді. Ол мемлекетке 45 миллион теңге салық төлегенін, кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жазықты саналғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл битум Оралда жол құрылысына пайдаланылған. Бірақ сот оның уәжіне құлақ аспады.Сот үкімімен Орынбор облысындағы битум зауытының директоры Тимур Қалиев пен осы іс бойынша айыпталған тағы төрт жігітке сот залынан қолына кісен кигізіліп, қамауға алынды. Олар сегіз жылға сотталды. Сонымен қатар сотталушылардан мемлекет пайдасына үш миллиард теңге өндіріліп, битум тасыған көліктері мен жеке көлігінен табылған қаржысы тәркіленеді. Үкіммен келіспеген қарсы тарап соттың біржақты жүргізілгенін айтады. Қорғаушы Рашид Хисаметдиновтың айтуынша, прокурор сотқа екі бірдей айыптау актісін ұсынды. Бірақ сот бір мезгілде екі айыптау актісін қатар қарамайды. Өйткені бір сотта бір акті ғана қаралады. Мұны тіпті заңгер мамандығын оқып жатқан студенттерге дейін жақсы біледі. Бірақ бұл сотта біз келіспейтін нәрсе бұдан да көп дейді.  Ал үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушылар осы мерзім ішінде қайта қуына алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.