Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс қарқыны

c 16:30, 12/03/2019 c 552

0:00 / 0:00

Қанша уақыт өтсе де баспана еш өзектілігін жоғалтқан емес. Бүгінгі таңда мыңдаған адам өзгенің босағасында күнелтіп, тапқан таянғанына пәтер жалдап, баласын жетілдіріп, жаңа қонысқа ие болуды армандайды. 2016 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы іске қосылып, еліміздің аумағында құрылыс қарқынды жүзеге аса бастады. Өткен жылы облыс көлемінде мемлекеттік бағдарламаның аясында бой түзеген 6 көпқабатты тұрғын үй азаматтарға табысталды. Сала мамандары биыл 449 мың шаршы метр баспананы тапсырамыз деп жоспарлап отыр.

Әрбір отбасы баспаналы болуы үшін өткен жылы Елбасының тапсырмасына орай "7-20-25" бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда 276 Батысқазақстандық баспана алу үшін арнайы өтініш берген. Өтінім берген жандардың 181 тексерістен өтіп, жаңа қонысқа ие болды

7-20-25 бағдарламасына барлық дерлік жұмыс жасайтын жандар қатыса алады. 25 жылға баспана алуды көздейтін жандар жаңа салынған үйден қалаған пәтерді несиеге рәсімдей алады. Тек жаңа қоныстың бағасы 15 млн теңгеден көп болмауы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.