Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс қарқынды

c 18:03, 09/08/2019 c 954

0:00 / 0:00

Тамыздың екінші жексенбісі елімізде құрылысшылар мерекесі. Кәсіби мерекеге орай хадиша бөкеева атындағы қазақ драма театрында бүгін өңір құрылысшылары бас қосып, салтанатты шара соңы сала үздіктері мен еңбек ардагерлерін марапаттауға ұласты.

Биыл БҚО 3000-нан астам пәтер табысталмақ. Оның 1500 астамы оралдықтарға беріледі деп жоспарлануда. Бес ауданда пәтер кезегінде тұрған азаматтарға баспана салынып жатыр. Сала мамандары жыл санап құрылыс қарқының артып келе жатқандығын айтады. Бұл үшін мемлекет есебінен бөлінетін қаржы да қомақты.

Тамыз айының екінші жексенбісі құрылысшылардың кәсіби мерекесі. Мерекеге орай Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрында бас қосқан құрылысшылардың еңбегін ерекше атап өткен өңір әкімінің орынбасары, облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

қыстың суығы мен жаздың ыстығында құрылыста үздік жұмыс жасаған мамандармарапатталды. Солардың бірі- еңбек ардагері Фатима Казмачова. Ол осы салада 40 жылдан астам жұмыс жасап келеді.

Жыл сынап ел аумағында құрылыс қарқынды дамып келеді. Сала мамандарының мәліметтеріне сүйенсек, құрылыстың көптігінен Нұр сұлтан қаласы көш бастаса, екінші орынды Алматы шаһары еншілеген. 2017 жылы облысымыз салынған нысанның көптігімен ерекшеленіпті. Биыл өңірде тоғыз көп қабатты тұрғын үй мен екі мектеп және 400 шақырымнан астам жол қолданысқа табысталмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.