Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс қарқынды

c 15:28, 10/04/2019 c 941

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының құрылыс саласына биыл қомақты қаржы бөлініп отыр. Сала бюджеті 24,7 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына 12,9 млрд теңге және инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 2,8 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы  аясында 21 көп пәтерлі тұрғын үй облыс орталығында, ал аудандарда 119  434 пәтерлік баспана  бой көтермек. Осы орайда облыстағы 32 құрылыс компаниясы толықтай жұмыспен қамтылып отыр. Оған қоса сала бойынша жұмыс жасайтын өндіріс ошақтарының 80 пайыз өнімі  осы жұмыстарға бағыттылатын болады. Үстіміздегі жылы әлеуеметтік салаға да баса мән берілген. Мәселен, бұған дейін құрылысы басталған дарынды балаларға арналған спорт мектеп интернаты биыл пайдалануға берілу жоспары болса, оған  қоса жер қойнауын пайдаланушы шетелдік компаниялар есебінен Жаңақала мен Жәнібек аудандарында 160 орындық дене шынықтыру кешенінің іргесі қаланбақ. Сонымен қатар бірнеше білім ошағы бой көтеруде. Әлеуметтік нысандарға 4 млрд.  600 млн.  теңге қарастырылып отыр.  3 мектеп және Сарыөмір ауылында демалыс лагері құрылысын  бастау жоспарға енгізілген. Атап айтқанда Орал қаласында 900 орындық №51 мектеп, Қазталовта 600, Чапаев ауылында интернатпен  қоса 400 орындық  білім алушыға  шақталған  оқу нысандарының құрылыс басталатын болады. 2019 жылы тұрғын үйлерді  пайдалануға беру жоспары 450 мың шаршы метрді құрайды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда  көп.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.