Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрметті батысқазақстандықтар!

c 19:33, 29/03/2020 c 429

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы жұққан екі алғашқы жағдай тіркелді.
Бұлар Қазақстан азаматтары, олар аурудың бастапқы белгілері пайда болған кезде жедел жәрдем шақырып, қазір оқшаулау орындарында.
Олардың тезірек сауығып кетуіне, ал дәрігерлерге кәсіби жауапкершілік және шыдамдылық танытуға тілектестік білдірейік.

Инфекция және экономикалық жағдай бойынша көптеген мәселелер туындауына байланысты сұрақтарыңызды WhatsApp +7 700 0 109 109 нөміріне жіберуіңізді сұраймын.
Жиі қойылатын сұрақтарға теледидар немесе Фейсбук арқылы жауап беретін боламын.
Өтініш - тек нақты сұрақтар мен ұсыныстар берсеңіз.

Шағымдар бойынша "109" нөміріне хабарласуыңызды сұраймын.

Сондай-ақ төменде көрсетілген телефондар арқылы сіздің сұрақтарыңызға мемлекеттік органдардың қызметкерлері жауап беретін болады.

Облыстың барлық тұрғындарынан санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ережелерін сақтауды және басқа тұрғындардан, әсіресе, сауда және тамақтандыру орындарында ережелерді сақтауды талап етуді сұраймын!

Аталған инфекциямен күрестің ең үздік тәсілі барынша оқшаулану және жеке гигиена ережелерін сақтау болып табылады!

Ағымдағы күрделі кезең жақын арада аяқталып, біз бұрынғы өмір сүру қалпымызға оралып, еліміздің өркендеуі жолында жұмыс істейміз деп сенемін!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.