Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күніне үш мыңнан аса адам екпе қабылдайды

c 17:34, 30/04/2021 c 1232

Екпе салу екпін алды. Орал қалалық №1-ші емханаға ерікті түрде екпе алуға келген халықтың қарасы қалың. Түсірілім тобымыз вакцинациялау жұмысына қанық болып, тұрғындармен тілдесіп қайтты.Емханаға келушілердің легі күн санап артып келеді. Бір айта кететін жағдай вакцина алушының тұрғылықты жері еш маңызды емес. Аудан-ауылдан келгендер де екпе алуларына болады.Өздеріңіз көріп тұрғандай емханада санитарлық талаптар сақталуда. Вакцина алуға келушілер тыста күтіп, өз кезектері келгенде ғана екпе алу кабинетіне шақырылады. Қазір екі түрлі вакцина болуы себепті таңдау еркіңізде. Мәселен «Спутник-V» препараты мұздатылған күйде болса, «QAZVAC» вакцинасы сұйық күйінде. Бірақ компоненті бірдей. Өткен аптадан бастап Орал қаласында тұрғындар көп жиналатын орындарда халықты жаппай вакцинациялау үшін жылжымалы екпе бекеттері жұмыс жасай бастады.​ Жылжымалы емханалар шаһардағы «City Center», «Asia Mall» сауда үйлері мен орталық базар маңында екпе шарасын жүргізуде. Ал Зашаған кентіндегі «Жәңгірхан» сауда үйі ауласында орналасқан екпе бекеті ​мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ауыспалы мерзіммен жұмыс жасайды. Бірінші екпені осы жерден алған адам екіншісін басқа қаладан немесе тұрғылықта жерінен ала беруге құқылы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.