Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құқық қорғаушылар азаматтарды қабылдады

c 17:15, 02/08/2018 c 664

0:00 / 0:00

Халыққа қызмет көрсету орталығында ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараның ұйымдастырушылары аталмыш акцияның жыл сайын өткізіліп келетіндігін атап өтті. Ашық есік күнінің негізгі ерекшелігі заңды тұрғыда кеңес берілуінде. Азаматтар құқық қорғау саласының қызметкерінен кеңес алуға мүмкіндік алды.

Бұл күні барша азамат өздерін толғандырған сауалдарына жауап алуларына мүмкіндік берілген күн болды. Бұл шараға прокурорлар, жеке сот орындаушылар, полиция қызметкерлері мен пробация саласының мамандары мен медиаторлар қатысты. Олар қала тұрғындарының сұрақтарына 9:00-18:30ға  дейін  жауап берді.

Құқық қорғаушыларға түске дейін жүздеген оралдықтың шағымы келіп түскен. Сондай-ақ, екі жүз шақты қала тұрғынының жазбаша өтініші де қабылданыпты. Оларға кейін жауап берілмек. Ашық есік күніне келген азаматтар шаһарымызда қолға алынып жатқан цифрландыру ісінің кең қанат жайғанын атап өтті. Қазіргі таңда мыңдаған Оралдық электронды қолтаңбасының арқасында үкіметтік порталдан мемлекеттік қызметтерді алып жатыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.